389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында медициналық сақтандыруды енгізудің пилоттық жобасы іске қосылды

  • 245
  • UPD: 20:53, 28.08.2019
Қарағанды облысында медициналық сақтандыруды енгізудің пилоттық жобасы іске қосылды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысында медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Айта кету керек, Қарағанды өлкесіндегі барлық медициналық мекемелер кешенді медициналық ақпараттық жүйеге көшірілген. Жаңа жүйе  науқастардың диагноздары, тағайындалған дәрі-дәрмектер мен рәсімдер туралы барлық анықтамаларды бірыңғай дерекқорда сақтауға мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру жүйесін тестілік режимде енгізуге республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді. Қазір аймақта 549 мың жұмыс істейтін азамат міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне жарна салған. Төлемдердің бүгінгі күнге жалпы сомасы 15,4 млрд теңге.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ертең осы жоба басталғаннан кейін әр мекеменің деңгейінде дәрігерлер осы жұмысқа қатысуы қажет. Өзіміздің қарапайым азаматтарға, науқастарға осы жаңа пилоттық жобаны түсіндіруге мүмкіндік ашу керек, ол үшін біз жұмыс жасап жатырмыз. Медициналық сақтандыру ол бөлінбейді, жеке меншік, мемлекеттік деп. Қазір барлық жұмыс берушілер өздерінің жұмысшыларының сақтандыру қорына ақша төлеп жатыр. Төлеу деңгейі өте жоғары деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы