387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Конституциялық апталық» аясында шара өтті

  • 221
  • UPD: 23:21, 28.08.2019

Қазақстан Респубилкасы Конституциялық кеңесінің бастамасымен елімізде «Конституциялық апталық» басталды.

Бұл Ата Заң күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған арнайы шаралар легі. Соның бірі бүгін Атырауда өтті.  

 «ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы билік өкілдері, заңгерлер мен өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Ата заң құрметіне орай өткізіліп жатқан «Констиуциялық апталық» Атырауда жалғасын тапты. Негізгі құжат қабылданғалы біздің ел шекарасын берік бекітіп, мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлері бірігіп шын мәніндегі Тәуелсіз республиканың қабырғасын қалағаны ақиқат. Конференцияға қатысқан көпшілік те Конституцияның еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екендігін талқылады.  

Үнзила Шапақ, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі:

- Еліміздің негізгі заңының әлеуетін және мемлекеттілігіміздің, қоғамымыздың дамуына қаншалықты алғышарт болып отырғандығын, осы заңның халыққа қаншалықты, не беріп отырғандығын, заң нормаларының қаншалықты халықтың өміріне еніп жатқандығы жайлы мәселелерді қарастырып жатырмыз.

Еліміздің Конституциясы әлем елдерінің негізгі құжаттарын сарапқа сала отырып жасақталған ерекше құжат. 

Ләйлә Жанұзақова, Тұран университеті ҒЗИ директорының орынбасары:

- Конституция – біздің халқымыздың құқықтары мен бостандығын қорғаушы негізгі заң. Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, экономикалық саясатын қалыптастырады. Сондықтан заңды тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес еліміздің әрбір азаматы құрмет тұтуы қажет. Жалпылай алғанда біздің Ата заң халықаралық пакт талаптарына толық жауап береді. 

«Конституциялық апталық» аясындағы іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. Ал мұнайлы өлкеге арнайы келген  заңгерлер, адвокаттар алқасының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттеріне шолу дәрістерін оқиды.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы