385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Алтын үкі-2019» халықаралық кубогі үшін жарыс басталды

  • 181
  • UPD: 23:08, 28.08.2019

Сұр мергендер сайысы. Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын үкі-2019» халықаралық кубогі үшін жарыс басталды. Осымен 8-рет ұйымдастырылған шараға 5 елдің әскери мергендері қатысып жатыр.

Әр елдің мықтылары 5 күн бойы нысана атудан және әскери шеберліктен сайысқа түседі. Одан бөлек, полигонда қару-жарақ және әскери техникалар көрмесі ашылды.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Әйелдің қолына қару алатын күн тумасын. Дегенмен, мына мылтықтың мықтылығы туралы айтқым келіп тұр. Италияда жасалған «Аирекс-160» шабуылдаушы мылтығы. 1000 метр қашықтыққа дейінгі нысанаға дәл тигізеді. Жоғарғы ұңғысынан оқ, ал, мына ұңғыдан граната атылады.

Қаруда мін жоқ. Алайда, оны қолдана білу де өнер. Көздегенін қалт жібермейтін кәсіби мергендер жиналды. Беларусь, Ресей, Өзбекстан мен Үндістанның және Қазақ елінің әскери элитасының өкілдері 5 күн бойы өз шеберліктерін көрсетеді. Барлығы да дайындықпен келгендерін айтады. Бұған дейінгі жылдары қазақстандық мергендер жүлдені бермей келді. Себебі, біздің елдің жігіттеріне туған жердің топырағы күш беріп, рухтандырады екен. Бұл қонақтардың пікірі.

Александр Котовский, гвардия подполковнигі /Ресей/:

- Көптеген жарыстарда жергілікті команданың жеңіске жететіні заңды. Себебі ер азамат өз елінде намысқа тырысады. Мергендердің еске сақтау қабілеті мен жылдамдығы маңызды. Сондай-ақ, аздаған қулық та артық етпейді. Нысананы көздеу шахмат ойыны сияқты. Әр қадамыңды ойланып барып жүресің. Қарсыластың да әс-әрекетін бақылап отыру маңызды.

Жарыстың қызығы енді басталады. Алғашқы күні-ақ әр елдің мергендері шеберліктерін көрсетіп бақты. Екі жарым шақырым жолдағы кедергілерден жүріп өтіп, соңғы сәтте нысананы көздеді. Ала келген қару-жарақтарын көрмеге қойды. Қарудың түр түрі бар. Тапаншадан бастап, әскери техниканы әп-сәтте жойып жіберетін гранатометқа дейін көрсетілді. «Бір елде бар қару екіншісінде жоқ» деп айтуға болмас. 5 елдің армиясы да соңғы үлгідегі қаруды қолданады. Мылтық өз алдына, қазіргі мергендердің робот көмекшісі бар.

Саят Иса, әскери нұсқаушы:

- Мергендердің қаруы, ол әр мергенге байланысты. Өзінің көзіне, окустика дейді. Әрқайсына мерген мылтықтары арналған. Ұзын қашықтықтағы ,жақын қашықтықтағы, әртүрлі мерген мылтықтары әрбір мергеннің мінездемесіне қабылданған қарулар.

Рүстем Смағұлов, төреші:

Бақылаушылар бар. Әр мемлекеттен. Қытай мемлекетінен, Италиядан, Сербиядан, Түркімения, Турция мемлекетінен келіп отыр. Және БАӘ елдерінен келіп отыр.

- Бес жыл бойы «Алтын үкі» қазақстандық мергендердің қолында болды. Бұл жолы қай елдің ие боларын жарыс нәтижесі көрсетеді. Айтпақшы, жылда бұл шарадан қалмайтын қырғыз елінің мергендері биыл соңғы сәтте айнып қалған. Жалпы жарысқа мыңға жуық мерген қатысуда. Әр жақтан келген әскерилер көрмеге қойылған техникаларын да таныстырды.

Мынау әскери техника-квадроцикл. Сағатына 130 км қашықтыққа жүреді. Нағыз жолсыз жерлерге арналған техника.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы