386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореядағы қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар» қоры келісім жасасты

  • 176
  • UPD: 23:53, 28.08.2019

Оңтүстік Кореяда тұратын қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар» қоры ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Кездесу Сеулдегі Қазақстан елшілігінде өтті. Қордың басқарушы директоры Еркін Оңғарбаевтың айтуынша, Корея астанасында қазақтар қауымдастығы құрылады. Қор осы бірлестікке оқулықтар беріп, қазақ тілін үйренуге көмектеседі. Сондай-ақ, диаспора өкілдері осы жылдың қазан айында Түркістан қаласында өтетін отандастар форумына шақырылды. Корея Республикасына қазақстандықтардың көбі жұмыс істеуге және білім алуға барады. Корея азаматтарына үйленгендер де бар. Сонымен қатар, «Отандастар» қорының өкілдері Сеулде шетелдегі корейлер қорының басшылығымен кездесу өткізді.

Светлана Жаркенова, «Отандастар» қорының сарапшысы: 

- Бейресми түрде келген қазақтар бар екен. Олар мысалы осында келіп жұмыс істеп жатыр екен. Солардың мәселесін шешу туралы естіп жатырмыз. Ол проблеманы енді біз өзіміз зерттеуге тырысамыз. Одан кейін Сеул қаласында қазақтар өздерінің тілін, мәдениетін ары қарай ұстану үшін көмек сұрап жатыр. Сондай көмекті көрсетуге түрлі шараларды қолдана бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы