386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайқазанды Ресейде орнынан қозғау үшін шетелдік техника көмегіне жүгінуге тура келген

  • 200
  • UPD: 23:55, 28.08.2019

Түркістандағы қасиетті Тайқазанға 620 жыл. Ескінің көзі бұдан дәл 30 жыл бұрын Санкт-Петербургтегі эрмитаждан қайтарылған еді.

Осыған орай тарихи нышанның құйылған жері Қарнақ ауылында ауқымды іс-шара өтті. Басқосуға археолог ғалымдар, тарихшылар және сол кездегі ұсталардың ұрпақтары қатысып, тайқазанның арғы-бергі тарихынан сөз қозғады.

Бүгінде Тайқазан жайлы тарихи дерек те, аңыз әңгіме де көп. Ал ақиқат біреу. Тарихи нышанның 1399 жылы Түркістан қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылғандығы. Тарихи деректерге сүйенсек, Тайқазан Әмір Темірдің тапсырысымен жасалған. Құрамында мырыш, латунь, қола, қорғасын, мыс, күміс және темірі бар 7 түрлі металь қоспасынан құйылған. Бүгінде Қарнақтықтар қасиетті қазанның өз ауылдарында құйылғанын мақтан тұтады. 

Надыр Арзуматов, Қарнақ ауылының тұрғыны:

- Бұл қазанның тарихы өте бай. Бұның әрқайсысы ғылыми мәліметтерге өте бай. Біріншіден, Тайқазан дүниежүзіне елімізді танытты. Ал, оны осы Қарнақ ауылының халқы құйған.

Тайқазанның құйылғанына 620 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара барысында тарихи қолөнер жасалған орынға саяхат жасалды. Археолог ғалымдар мен тарихшылар көне жәдігердің көркемдік, тарихи жағынан әлемде жоғарғы бағаланатын және 14 ғасырдағы техниканың ұлы жетістіктері жайында әңгімеледі.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Өмір бойы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұрған тарихи жәдігерді 1936 жылы сол кездегі кеңес үкіметінің билігі Санкт-Петерборда өтетін Иран шеберлерінің көрмесіне қою үшін алып кетеді. Эрмитажға келушілерге ғажайып әсер сыйлаған құнды мұра араға жарты ғасыр салып барып қана, тек 1989 жылы тарихи отанына қайтарылып, өз тұғырына қонды.

Дадажан Жамалов, Тайқазанды алып келген топ өкілі: 

- 10-12 күннің көлемінде Тайқазанды алып шықтық. Оны алып келу оңай болған жоқ. Өте қатты қиындықтарға душар болдық. Бір кран алып келдік симады. Екінші кран әкелдік болмады. Кейін сол жерде гостиница салып жатқан бір кранды алып келіп сол артып берді.

Тайқазанның жалпы салмағы 2 тонна. Сыйымдылығы 3 мың литр. Ерекше ою-өрнекпен безендірілген көне жәдігер - ұлы дала өркениетінің озық үлгісі. Әрі орта ғасырларда қазақ даласында кен өндіріп, металл балқыту өнері жақсы дамығанын көрінісі. Бүгінде қазан құйылған пеш орны анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы