389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық еріктілер көмек алуға «Lexus» көлігімен келген азаматты түсінбей жүр

  • 202
Павлодарлық еріктілер көмек алуға «Lexus» көлігімен келген азаматты түсінбей жүр

Ертіс өңірінде қайырымды жандардан көмек алуға «Lexus» көлігімен келген азаматтың ойында не болғанын түсінбей жүр.

Көп балалы әке еріктілерге хабарласып, баласын мектепке берейн дегенін, керек-жарағына көмектесуді өтінген. Жалпы еріктілерге 300-ге жуық отбасы хабарласқанын да айта кетейік. Қоғамдық ұйым өкілдері әлгі азаматқа көмек ретінде, «Мектеп портфелі» акциясы аясында кеңсе заттарының жиынтығын тарту еткен. Бір қызығы, тұрғынның аты-жөні әлеуметтік қорғау органдары тарапынан ұсынылған аз қамтамасыз етілген азаматтардың тізімінде болған. Кейін азаматтың көлікті екенін көрген еріктілер ақпараттың шынайылығын тексерген. Осылайша, көмек сұраған әкенің тұрмысы жақсы, тіршілігі келісті екені анықталды. Ресми мәліметтерге сай, ата-аналар мемлекет тарапынан жәрдемақы да алады екен.

Олеся Вехтер, ерікті:

– Өкінішке орай, ренішімізді тудыратын жағдайлар кездесіп тұрады. Біз материалдық жағдайы төмен отбасыларға көмектескіміз келеді. Соған қарамастан, мейірімділігімізді пайдаланатындар да кездесті. Алдағы уақытта көмек алушылар тізімін қайта қарап, мұқият реттемекпіз. Болашақта осындай жағдайларға жол берлілмейді.

Хабар 24 телеарнасы