389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем қауымдастығы Қазақстанның ядролық сынақтарға қарсы саясатын жоғары бағалайды

  • 167
Әлем қауымдастығы Қазақстанның ядролық сынақтарға қарсы саясатын жоғары бағалайды

Әлем қауымдастығы Қазақстанның ядролық сынақтарға қарсы саясатын өте жоғары бағалайтынын Жапонияның бейбітшілікке жету жөніндегі қоғамдық ұйымының президенті Хироо Сайонджи арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

Ол Ядролық қаруды таратпау жөніндегі маман ретінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп келеді. Айтуынша, ядролық жарылыс тауқыметін тартқан Қазақстан мен Жапония алдында ерекше миссия тұр. Екі ел бұл мәселеде өз тәжірибелерімен бөлісіп, антиядролық бастамаларды әлемдік деңгейде жүзеге асыруы тиіс.

Хироо Сайонджи, Жапонияның «The goi peace foundation» қоғамдық ұйымының президенті:

– Қазақстан халқының Невада-Семей антиядролық қозғалысын құрып, атом полигонын біржола жабудағы ерік-жігерін ерекше атап өткім келеді. Тарихтан білетініміздей, АҚШ-тағы «Темекіге жол жоқ» қозғалысы, Оңтүстік Африка еліндегі апартеид пен Берлин қабырғасының құлауына бірінші кезекте қарапайым халық ықпал етті. Дәл осылай қазақ халқы да сөзбен емес, іс жүзінде жойқын қарудан бас тартып, бейбіт жолды таңдайтынын көрсетті. Осы орайда Қазақстан мен Жапонияның ядролық қару қасіретін бастан кешірген ел ретінде әлем қауымдастығы мен келер ұрпаққа дұрыс ақпарат жеткізгенін қалаймын. Себебі біз адамзат тарихындағы ең үлкен зұлматтың қайталанбауына жауаптымыз.

Хабар 24 телеарнасы