387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 10 елді мекенге баратын жолда асфальт жоқ

  • 127
Атырау облысында 10 елді мекенге баратын жолда асфальт жоқ

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы 10 елді мекеннің тұрғындары аудан орталығы мен екі ортадағы 300 шақырым қашықтықты жолсыз, маң даламен жүріп өтеді.

Тым құрыса қиыршық тас та төселмеген негізгі жол күні бүгінге дейін болмағандықтан, жүргізушілер далаға тарау-тарау болып жайылып кететін өздеріне ыңғайлы ондаған сүрлеу салып алған. Оған қоса бұл даламен кез келген көлік жүре алмайды. Жергілікті халық тек жүк көліктері немесе жол талғамайтын көліктермен ғана қатынауға мәжбүр. Ал ондай қымбат көліктерді қарапайым ауыл тұрғындары сатып ала алмайды. Жазғы жауын-шашын немесе қыстың күнгі қарлы боран кездерінде аудан орталығымен қарым-қатынас мүлде үзіледі. Шекара маңында орналасқан ауылдар болғандықтан, аудан орталығына кейде Ресей аумағы арқылы айналып келетіндер де бар. Ал аудан басшылығы жол проблемасын бірден шешуге қауқарсыз. Дегенмен өмір бойы асфальт жол көрмеген ауылдардың бұл мәселесі биыл аз ғана болса да шешілетін секілді.  

Қайрат Нұртаев, Құрманғазы ауданының әкімі:

– Екі шақырым жол құрылысын жүргізуге қаражат бөлінді. Бұл жол ең қиын, топырағы сорлы аумаққа салынады. Сонымен бірге ұзақтығы 36 шақырым жолға қаржы қарастыру үшін қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бұйыртса құрылысын келер жылы бастаймыз. Одан арғы жылдары қалған жолдардың да құрылысы жүргізіле береді.

Хабар 24 телеарнасы