385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне тіркеу басталады

  • 161
  • UPD: 16:16, 29.08.2019

Президенттік жастар кадрлық резервіне үміткерлерді тіркеу бірінші қыркүйекте басталады.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мәлімдеді. Тіркеу онлайн платформада жүргізіледі. Іріктеу бірнеше кезеңнен құралған. Үміткерлер алдымен тест тапсырып, кейін эссе жазады. Бұл арқылы қатысушылардың ой өрісі, грамматикасы мен көшбасшылық қасиеттері бағаланады. Онлайн сыннан сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайтын болады. Іріктеу соңында эксперттік комиссия әр үміткермен жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттің Жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссия отырысында белгілі болады. Тағы бір айта кетерлігі, үміткерлерді іріктеу жүйесінде халықаралық стандарттар пайдаланылады. Бұл дегеніміз, комиссия қатысушының аты-жөнін білмейді, тек арнайы код арқылы таңдайды деген сөз. Ол сандар әр кезеңде ауысып отырады.  

Анар Жайылғанова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

– Президенттік жастар кадрлық резервін құрудағы басты мақсат – жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт құру екенін атап өткім келеді. Бұл азаматтарға зор үміт артылып отыр. Олар алдағы реформалардың қозғаушы күші болуы қажет. Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу ережесі мен тәртібі Президент жарлығымен реттелді. Резервке қатысты барлық қажетті ақпаратты аталған жарлықтан біле аласыздыр.

Хабар 24 телеарнасы