386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы 4 мектепте жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған

  • 116
  • UPD: 20:20, 29.08.2019
СҚО-дағы 4 мектепте жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше мектеп жаңа оқу жылында оқушыларын қабылдай алмауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім басқармасы басшысының хабарлауынша, 4 білім ордасында жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін жүріп жатыр. Құрылысшылардың жұмысты кеш бастауына мемлекеттік сатып алу тәртібі себеп болған көрінеді. Мәселен, Есіл ауданында байқаулар шілденің соңында ғана жарияланған. Ал, кейбір мердігер ұйымдар терезе таппай, кестеден кешігіпті. Соған қарамастан жергілікті билік өкілдері «1 қыркүйекке дейін үлгереміз» деп уәде беріп отыр. Жалпы биыл облыстағы 120-дан астам білім беру мекемесін жөндеуге 5 млрд теңге бөлінген.

Гүлмира Кәрімова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңда жаңа оқу жылының қарсаңында балабақшалар мен колледжерде барлық жұмыстар аяқталды. Бүгін-ертең мектептерде жұмыстар аяқталады. Сондықтан да 1 қыркүйек күні оқушыларды қарсы алуға барлық мектептер дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы