387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 10 елді мекеннің халқы жол азабын тартып отыр

  • 124
  • UPD: 23:13, 29.08.2019

Құрманғазы ауданындағы жол қатынасы нашар 10 елді мекенде 11 мыңға жуық халық тұүрады.

Негізгі күнкөріс – мал шаруашылығы. Жазғы жауын-шашын немесе қысты күнгі қарлы боран кездерінде аудан орталығымен қарым-қатынас мүлде үзіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек жүк көліктері мен тракторлар ғана жүреді. Ал жол талғамайтын қымбат көліктерді қарапайым ауыл тұрғындары сатып ала алмайды. Шекара маңында орналасқан ауылдар болғандықтан облыс-аудан орталығына кейде Ресей аумағы арқылы айналып келетіндер де бар. 

Ізбасар Досахов, көлік жүргізушісі:

Атырауға бару үшін Балқұдық, Сүйіндікке барамыз. Мына жолмен жүру өте қиын. Сондықтанда көпшілігіміз Астрахань облысына, Қарабалы ымен айналып Атырауға барамыз. Онда асфальтпен жүреміз. Ал мына жолда жүру өте қиын.

Ресей арқылы өту де оңай емес, ары бері кедендік рәсімдеуден өтуге де қыруар уақыт пен жүйке қажет. Тұрғындар облыс тұрмақ аудан орталығындағы аурухана, перзентхана, халыққа қызмет көрсету орындарына бару үшін жылдар бойына осындай қиындық көріп келеді. Ал аудан басшылығы жол проблемасын бірден шешуге қауқарсыз. Дегенмен, өмір бойы асфальт жол көрмеген ауылдардың бұл мәселесі биыл аз да болса шешілетін секілді. Бастапқы кезеңде екі шақырым жол құрылысын жүргізуге қаражат бөлініпті.

Қайрат Нұртаев, Құрманғазы ауданының әкімі:

- Қазіргі таңда осы жолды жасау мақсатында мердігер анықталды. Биыл енді сол 11 сорғадағы қиын жолды бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұл жолдың 36 шақырымын да бастау үшін жобалық-сметалық құжат жасақтауға бюджеттен ақша бөлінді. Келесі жылы осы жобаны ақятап қалған жолдардағы жұмысты бастау жоспарда тұр. Осы жолдар ары қарай кезең-кезеңімен жасалатын болады.

Жалпы ұзындығы 300 шақырымға жуықтайтын жолдың қашан толық аяқталары белгісіз. Бірақ жол бойында азда болса құрылыстың нышаны байқала бастады. Ал тақтайдай тегіс жол салынғанша, жергілікті халық жүк көліктері мен тракторларға ғана үміт артады.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы