389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді

  • 213
  • UPD: 22:36, 29.08.2019
Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді

Табиғат қорғау испекторы Ерлан Нұрғалиевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені тергеу органдары істі жан-жақты зерттемеген әрі дәлелдері жеткіліксіз. Ол аздай қылмыстың қай жерде, қалай жасалғанын дәлелдейтін материалдар айыптау актісіне енбей қалған. Істі жүргізгендер оқиғаның жай-жапсарын тек екі тараптың ауызша түсініктемелері негізінде жинаған. Тіпті айыптау актісінің өзінде бір-біріне сәйкес келмейтін фактілердің көп екені анықталған.  

Бекзат Шалғынбаев, судья:

- Іс құжаттарында Қылмыстық кодекстің 432 және 434-баптары бойынша ешқандай шешім қабылданбаған және бұл бөлікте қандай да бір тексеру жұмыстары жүргізілмеген. Қылмыстық процестік кодекстің 323-бабында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталған кезде сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады.

Хабар 24 телеарнасы