386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы мектептер жаңа оқу жылына дайын

  • 144
  • UPD: 22:41, 29.08.2019
Арыстағы мектептер жаңа оқу жылына дайын

Бүгінге дейін Арыс қаласындағы жарылыстан зақымданған 7260 үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қалған 549 үйге әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбектің Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында айтылды. Премьер-министрдің орынбасары бастаған жұмыс тобы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының секторына қарасты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Шымкент қаласына бекітілген секторда 580 жеке үй мен 6 көпқабатты тұрғын үйге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 570 жеке үй мен 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталған. Ал 10 жеке үй толықтай қайта тұрғызылып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласына қарасты секторда 57 көпқабатты және 642 жеке тұрғын үй бар. 219 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, 267-інде әрлеу жұмыстары жалғасуда. Ал 156 үй толық қайта салынып жатыр. Одан кейін Жеңіс Қасымбек құрылысы толық аяқталған 250 орынға шақталған Арыс қалалық орталық ауруханасына барды. Бүгінде нысан толықтай заманауи жабдықтармен қамтылып, ондағы жөндеу жұмыстары біткен. Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектеп те жарылыстан айтарлықтай зақымданған. 900 орындық білім ұясы толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа оқу жылында дайын тұр.

Əбдіхан Мұсаев, Арыс қалалық білім бөлімінің басшысы:

Арыс қаласында жалпы білім беретін 40 мектеп орналасқан. Оның 13-і осы Арыс қаласының өзінде, 27-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Жарылыстан кейін қаладағы 13 мектеп, ауылдардан 3 мектеп, барлығы 16 мектеп бүлінді. 16 мектепте де, барлық балабақшаларда да балаларды қабылдау, жаңа оқу жылын жаңа ғимараттар да қарсы алуға дайындалудамыз.

Хабар 24 телеарнасы