387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заң шығару жүйесі Ата заңдағы баптарға сүйенеді

  • 351
  • UPD: 09:53, 30.08.2019

Конституциялық реформалар мен өзгерістер мемлекетік даму негізінде туындайды. Өйткені заман көшіне сай заң шығару жүйесі мен құқық қорғау саласы талаптары мен нормалары  ең алдымен Ата заңда жазылған баптарға сүйенеді.

Осыдан 24 жыл бұрын қабылданған ҚР конституциясы жалпықалықтық референдумда қабылданды. Заңгерлер мен білікті мамандардан мыңдаған ұсыныс түсті. Сөйтіп, мемлекеттік құрылыстың негізін қалаған құжат қабылданды.

1995 жылы қабылданған Конституциялық құжаттың ең алғашқы басылымы ҚР Президент архивінің аса құнды құжаттар қорында сақтаулы. Ата заң – еліміздегі бүкіл заңдардың түп негізі саналады. Құжатты қабылдар алдында еліміз  Еуропа мен құқықтық заңнамалары мығым мемлекеттердің тәжірибесіне жүгінді. Нәтижесінде 95 баптың 55-іне өзгерістер енгізілді. 

Мұхаммед Жылгелдинов, ҚР Президенті архиві директорының көмекшісі:

- Президент архивінде конституцияның түпнұсқасы сақталып қана қойған жоқ. Осы кездегі конституцияның қабылдануына байланысты елдегі саяси әртүрлі оқиғалардың құжаттық айғақтары да осында сақталуда. Яғни архив қорларында біз осы кезде конституция жобасы қалай талқыланды, қандай ұсыныстар болды , әртүрлі мекемелерден заңды тұлғалардан жеке адамдардан түскен ұсыныстардың бәрімен осы Президент архиві қорларынан таныса аламыз. 

Қазақстан-құқықтық-демократиялық, зайырлы мемлекет. Конституцияның негізгі құндылығы адам құқын қорғай отырып, азаматтарының  ой-санасы терең,пайым-парасаты биік қоғам қалыптастыруында жатыр. Жалпыхалықтық мүдде мен көзқарас, заман ағымы дамушы фактор. Сондықтан конституция да қатып қалған дүние емес. Ол мемлекеттің саяси, экономикалық әрі құқықтық  жүйесіндегі барлық өзгерістерді сараптай келе жаңарып отырады, дейді заңгерлер.   

Арықбай Ағыбаев, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Президенттік қызмет. Үкімет саласы. Жергілікті басқару органдарының жұмысын атқару. Осылардың барлығы конституцияға сәйкес  Дүниежүзінің тәжірибелерін оқып, үйреніп, біздің мелекетіміздің дамуына үлес қосты. Осыған байланысты конституцияға да көптеген өзгерістер енгізілді. Әлі де өзгеріс болады. Конституция ол халықтың бұл халықтың, елдің тілегі, ниеті ауызбіршілік арқылы жасалған заңның негізі боп табылады. 

Қазіргі кезде еліміздегі бірқатар заң нормалары мен заңды құжаттарды реформалау және өзгертуге қатысты ұсыныстар айтылуда. Әсіресе сотқа түскен істерді қарауды жеделдету, судьялар жауапкершілігін арттыру мен сотқа дейінгі істерді өзара бітімгершілікпен шешу жолдары ұсынылды. Бұл орайда отбасылық дау-дамайларға әділ төрелік айтып, тұрмыстық жанжалдардан туындайтын істерде тараптарды келісімге шақыру маңызды. Мысалы, Алматыда 61 іс ерлі-зайыптылардың татуласуымен аяқталған. Демек, азаматтардың өз конституциялық құқығын дұрыс пайдалану және құқықтық сауаттылықты арттыру секілді жұмыстар белсенді атқарылу тиіс. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы