386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар әдебиетінің бағын қайтсек жандырамыз?

  • 122
  • UPD: 09:50, 30.08.2019

Қазақ әдебиетінің шешілмей жатқан мәселесі шаш етектен. Бірақ соның бәрін жиып қойып, балалар әдебиетін дамыту керек дейді қаламгерлер. Себебі,зейінді ұрпақ бала кезден қалыптасады. Балалар әдебиеті неге бәсеңдеп қалды? Оны дамыту үшін не істеу керек?

Балалар әдебиетінің шоқтығы биік туындыларына айналған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасы», Сапарғали Бегалиннің  «Мергені»  талай ұрпақты тәрбиеледі. Алайда уақыт өте келе балаларға арналған шығармалардың қатары сирегені шындық. Барының «айналасы теп-тегіс, жұмыр» келетіні аз. 

Нұрдәулет Ақыш,  балалар әдебиетін зерттеуші:

- Мұзафар Әлімбаевтың мынадай өлеңі бар. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті ине қолға ілікті дейді. Мұнда еңбекке баулу бар. Сосын адамдардың бірлігі татулығы бар. Жалғыз адам ештеңе істей алмайды дегенді білдіреді. Астарының өзі керемет, көркемдігі де тамаша.  000158 Қазіргі ақындардан да талап ететініміз де осы деңгей. Бірақ өкінішке орай кейде ол деңгейден шыға алмай жатады. 

Қазақ қаламгері ерте есейіп кетті,- дейді жазушы Дулат Исабеков. Балаларға арналған шығармалар ұғымға ауыр. Баланың қиялын байытып, көкжиегін кеңейтетін шығармалар дүниеге келу үшін арнайы бағдарлама қажет.

Дулат Исабеков, жазушы:

- Балалар әдебиетін қолға алу үшін бір арнайы редакция ашу керек. Содан кейін конкурстар ұйымдастырып тұру керек. Балалар драматургиясы, балалар прозасы, балалар поэязиясы деген. Қуыршақ театрларымыздағы балаларға арналған репертуар олардың бәрі ересектерге арналған. Тіпті «Ана жер ананы» қояды қуыршақ театры. «Гамлетті» қояды қуыршақ театры. Шынында да біз балалар әдебиетін ұмыт қалдырдық.

Қаламгер өз оқырманын өзі қалыптастыру керек. Оқырманы өзімен бірге есейген жазушы - бақытты.

Мереке Құлкенов,  Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазір бізде бәрін жинап қойып балалар әдебиетін дамытуға қатты күш салуымыз керек. Қадыр Мырзалиевті қазақтың классик ақыны дейміз. Ол бірінші өзінің оқырманын дайындаған адам. Неге? Ол алғашқы кітаптарын балаларға арнап жазды. Сол бала кейін Қадырды одан сайын жақсы көріп, есейген поэзияны үлкен, салауатты, салиқалы, поэзияны оқитын мүмкіндігі бар ұрпақ дүниеге келді.

Балалар әдебиеті алдағы аптада астанада өтетін Азия елдері қаламгерлерінің бірінші форумында талқыланады. Алқалы басқосу қаламгерлердің тәжірибесіне үстеме болатыны сөзсіз. 

Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы