386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде дәстүрлі бейбітшілік акциясы өтті

  • 93
  • UPD: 09:51, 30.08.2019

Шара дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні мен «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Бейбітшілік аралында ұйымдастырылған халықаралық шараға 7 мыңнан астам жергілікті тұрғын мен Жапониядан келген қонақтар қатысты. Олар «Өлімнен де күшті» мемориалдық кешенінің алдында ядролық сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін сөз сөйлеген қала басшылығы мен антиядролық қозғалыс белсенділері күллі әлем халқын ядролық қарудан азат Қазақстанның ізгі жолына шақырды.

Қайрат Сабырбай, ақын:

- Ядролық қару төңіректі жаулап алу үшін жасалған болса, біздің тәуелсіз жасампаз мемлекетіміз сол қаруды жауып, біз төңірегімізді жаулап емес, біз баурап аламыз деген мақсат жатыр да. Біз сондықтан 29-тамызды тыныштықтың кепілі ретінде, бейбіт өмірдің бастамасы ретінде, соның болашағымыздың берік құралы ретінде қабылдау керек. Солай мерекелеу керек.

Хабар 24 телеарнасы