387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының Құрашасай ауылында 600 орындық мектеп ашылды

  • 201
  • UPD: 13:44, 30.08.2019

Мереке күні Ақтөбенің Құрашасай ауылында 600 орындық мектеп ашылды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды.

Өйткені, жыл өткен сайын ұлғайып келе жатқан елді мекенде білім ұясына баратын бала саны да көбейе түскен. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Конституция күні ашылған жаңа мектептің ашылу салтанатына оқушылардан өзге, ауылдықтар да көп жиналды. Себебі, бұл күнді тұрғындардың ұзақ күткені рас. Облыс және қала басшылығының өкілдері де келіп, олардың қуанышына ортақтасты. Ал мектепте білім алу үшін барлық жағдай жасалған. 30 оқу бөлмесі оның ішінде, әдеттегідей, физика, химия, мультимедиялық, интерактивті тақталы кабинеттер де бар. Асхана мен спорт және мәжіліс залы да тиісті талапқа сай. Ең бастысы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған үйірмелер жеткілікті. Ер балалар мен қыздардың шеберханалары тұрақты жұмыс істейтін болады. 

- Айта кету керек, бұл осы ауылдың аумағындағы екінші мектеп. Бұған дейін ашылған білім ұясы 150 балаға арналған. Алайда жыл өткен сайын оқушылардың қатары көбейді дейді мұғалімдер. Әрі көрші елді мекеннен де келіп оқитындардың саны артқан. Ал қала бойынша 1 қыркүйекке дейін үш мектеп ашылып отыр. 

Жалпылай алғанда, облыс бойынша білім күнінде сегіз жаңа мектеп оқушыларды қабылдайды. Жыл соңына дейін тағы да 7-ін пайдалануға беру жоспарда бар. Сәйкесінше барлығы да қажетті мамандармен және оқулықтармен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы