387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

  • 154
  • UPD: 14:19, 30.08.2019
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

Ақтөбеде жұмысқа жаңадан алынған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады. Еліміздің Конституция күніне орайластырылған шарада олар халық алдындағы қызметін адал орындауға серт берді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырған салтанатты жиын жас мамандарды өз елінің нағыз патриоты болып, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге бағытталған. Айта кету керек, ел Президенті жастардың кадрлық резервін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес еліміз бойынша 35 жасқа дейінгі 300 маман іріктеп алынады. Болашақта олар республикадағы жоғары лауазымдарда қызмет етуі тиіс.

Рафхат Бисенов, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

- Биылғы жылдың ерекшелігі осы мынау облыстық музейде ашылған жаңа «Тәуелсіздік залында» өткізіп отырмыз. Мұның барлығы осы мерекенің, бүгінгі мерекенің маңыздылығын көрсетіп тұрғандай.

Хабар 24 телеарнасы