389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтың өлімі: іс прокуратураға қайтарылды

  • 283
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтың өлімі: іс прокуратураға қайтарылды baptist.org

Зардап шегушілердің өкілдері мен сотталушылардың қорғаушылары «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі бойынша істі прокуратураға қайтаруды сұрады.

Себебі, екі тарап та сотқа дейінгі тергеудің сапасына көңілдері толмаған. Судья осы істі прокурорға қайтару туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Б.Мұсабеков, Б.Қайырбеков, Ж.Мырзабаев, А.Әкімов, Б.Ахметов, Н.Шүкілдіков, К.Ақшановқа қатысты қылмыстық іс басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтарының анықталуына байланысты прокурорға алдын ала тыңдау сатысынан қайтарылды. Сәйкес үкімді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев шығарды. Алдын ала тыңдау барысында жәбірленушілердің өкілі П.Ницик пен Н.Нұрғалиева - адвокат Алмас Қасқырбай қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініш білдіріп, сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушылар Б.Базаров, Б.Кайырбеков, Ж.Мырзабаев, А.Әкімовтің әрекеттерінде аса ауыр қылмысты жасыру және аса ауыр қылмыс туралы хабарламау туралы процессуалдық шешім қабылданбаған, бұл фактілер тексерілмеген. Сонымен қатар, сотталушы  К.Ақшановтың қорғаушысы тергеу органының айыптау актісінде қылмыс орнының толық мәліметтерін көрсетпегенін және заңсыз аң аулау салдарынан келтірілген залалдың мөлшерімен келіспейтінін айтып, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініш білдірді. Бір топ адам қасақана адам өлтірді деп айыпталған сотталушылардың қорғаушылары қылмыстық бапты қайта квалификациялауды талап етуде. Олардың пікірінше, күдіктілер адам өліміне әкеп соқтырған аса ауыр түрде денсаулыққа зиян келтірген. Себебі, қорықшы Ерлан Нұрғалиев оқиға орнында қаза таппаған, ауруханаға жеткізгенде тірі болған.  Сондай-ақ, адвокаттар полицейлердің аңшылардың киікті атқандарын дәлелдей алмағанын айтты. Алайда, «Охотзоопром» инспекторлары даладан заңмен  қорғалатын атылған 17 жануарды тауып, олардың залалын 45 млн теңге деп есептеді. Бірақ, қорғаушылардың пікірінше, бұл сома асыра сілтелген, залалдың шын мәніндегі сомасы 17 млн теңгеден сәл асады. Сотталушы Қайрат Ақшановтың қорғаушысының өтінішін Берік Ахметов пен Нұрлан Шүкілдіковтың адвокаттары қолдап отыр. Бұдан бөлек, сот алдын ала тыңдалым барысында басқа да заң бұзушылықтарды анықтады, атап айтқанда, айыптауда қарама-қайшылықтар анықталды, зардап шегушілерге қай жерде және қай орында дене жарақаттары жасалғаны көрсетілмеген, күдіктілердің әрекеттерін саралау туралы шешімде қылмыстардың объективті жағы сипатталмаған. Сондай-ақ, аталған қылмыстық іс бойынша сот өндірісінің тілі қазақ тілі деп таңдалған, алайда құжаттарың бір бөлігі зардап шегуші Петр Ницык үшін орыс тіліне аударылмаған.

«Алдын ала тыңдалым барысында анықталған осы бұзушылықтардың барлығы басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіріп отыр. Сондықтан, сот қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы шешім шығарды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. Еске салайық, «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі туралы іс бойынша жеті адам айыпталып отыр. Олардың үшеуі қамауға алынды. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді. Ал бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жарақат алған «Охотзоопром» инспекторын құтқаруға неліктен көп уақыт кеткенін түсіндірді.

Хабар 24 телеарнасы