389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы шалғай аудандарға жаңа жедел жәрдем көлігі берілді

  • 197
  • UPD: 16:10, 30.08.2019

Таразда Ата заң күні 36 жедел жәрдем көлігі берілді. Су жаңа санитарлық автокөліктердің кілттері бірінші кезекте Мойынқұм, Шу, Сарысу, Талас сияқты шалғай аудандарға үлестірілді.

Медициналық техника жолсыз жерлермен жүруге ыңғайлы етіп таңдап алынған. Бұл ауылды жердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мерекеде 58 автобус ел игілігіне берілді. Олардың 22-сі Қазақстанда құрастырылған. Айта кеткен жөн Тараздағы қоғамдық көліктер биыл 20 процент жаңартылып отыр. 

Асқар Жанұзақов, қала тұрғыны:

- Қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мәдениетін арттыру жөнінде осы автобустар алынып жатыр. Қазір мысалы осыдан 10-11 жыл бұрын тасымалдауға жүрген автобустардың орташа қолданыс жылы 11-12 жыл болса қазір 7-8 жыл болды. Өзгеріп келе жатыр.  

Жайдар Әскербекұлы, Мойынқұм аудандық  орталық ауруханасының бас дәрігері:

- Бұл көліктер жедел жағдайда. Яғни науқастарға көмек ретінде ауруханаға жеткізу, одан орталыққа жеткізу оңай емес бүгінгі таңда. Ауыл медицинасы халқымыздың денсаулығының жақсы болуына күндіз-түні аянбай еңбек жасайтынына жүз пайыз нақты сеніммен айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы