387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кеңес Одағының батырлары Н.Әбдіров пен Қ.Нұржановтың мерейтойы атап өтілді

  • 181
  • UPD: 15:29, 30.08.2019
Кеңес Одағының батырлары Н.Әбдіров пен Қ.Нұржановтың мерейтойы атап өтілді

Қарағандыда кең көлемде Кеңес одағының батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Мақсат ер есімін ел есімінде сақтау. Қазбек Нұржанов соғысқа туған ауылынан 1942 жылы аттанады. Майдан даласында талай жаудың көзін жойған ол Волковыск қаласын азат ету кезінде әскери топқа жетекшілік еткен. 1944 жылы ВолковЫск маңында ауыр жарақаттанып, қаза табады. Онымен бірге жерленген 200-ге жуық жауынгердің ішінде тек Қазбек Нұржановқа Кеңес одағының батыры атағы берілген. Мұны батырдың ұрпағы зор мақтанышпен еске алады. Тарихи деректерге сүйенсек, Екінші дүниежүзілік соғысқа Қарағанды облысынан барлығы 45 мың адам аттанып, соның 18 мыңы майдан даласында шейіт болған. Елі мен жері үшін етігімен су кешкендерді ұрпағы мәңгі жадында сақтайды. Батырлар рухына арналған бірегей шара эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Оралхан Нұржанов, Қ.Нұржановтың туысы:

- Асылын ардақтап жатсақ, сіздерге алғысым шексіз.Сол туысқан мемлекет Белорусияда жыл сайын жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастырып, қаланы азат еткен 5 батырдың бірі осы Қазбек Нұржановқа сый құрмет көрсетіледі екен. Батыр ешқашан өлмейді. Менің соған көзім жетті.

Хабар 24 телеарнасы