387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конституция күнінде қарағандылық белсенді тұрғындар марапатталды

  • 145
  • UPD: 18:13, 30.08.2019

Қарағандыда әлеуметтік-қоғамдық шараларға белсене қатысқан азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясы күнінде «Жомарт жүрек» сыйақысымен марапатталды.

Атаулы мерекені қала тұрғындары орталықта ұйымдастырылған мерекелік концерттік шарада қарсы алды.

Зара Шалабаева бүгін – «Жомарт жүрек» марапатына ие олғандардың бірі. Ерікті қайырымдылық қызметке 5 жыл бұрын келген. Ол әлеуметтік желіге тіркеліп, көмекке мұқтаж қарағандылықтардың өтініштерін қабылдайтын арнайы аккаунт ашқан. Уақыт өте келе бұл әлеуметтік торға мейірімділік пен қайырымдылық жасауға дайын азаматтарда тіркеліпті. Осылайша көмекке мұқтаж жандар мен оларға көмек көрсеткісі келген еріктілердің басын бір желіге қосқан. Қазір аккаунтқа тіркелгендер саны 50 мыңнан астам дейді Зара Шалабаева. Еріктінің айтуынша, қарағандылықтар қайырымдылық жасауға аса белсенді, көмек туралы өтініштер түскен бетте жарты сағаттың ішінде мұқтаж адамға қажетті көмегін беретіндер табылады дейді. Ал бүгін ерікті жомарт жүрегі үшін марапатталды.

Зара Шалабаева, ерікті:

– Бізге Саран қаласының тұрғындары байланысқа шығып, бір отбасына көмек сұрады. Ата-анасыз қалған кішкентай бала сол кезде 18-ге толмаған ағасының қолында тұрған. Ағасы баланы балалар үйіне бергісі келмеген соң, біз оны техникалық қарау орталығына жұмысқа тұрғызып, олардың жақсы өмір сүріп кетулеріне көмек бердік. Қазір екеуі бірге тұрып жатыр, біз олармен әрқашан байланыстамыз, қажетті көмекті беріп тұрамыз.

Ата заң күніне арналған іс шарада театрландырылған көрініспен қатар, дәстүрлі « Ән шырқаймын саған Қарағанды» атты ән байқауы ұйымдастылды.

Серік Санаубаев, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

– Конституция мейрамында қазақстандықтардың көңіл күйі жақсы, осындай жақсы көңіл күймен Қазақстан алға баса берсін, алға қойған стратегиялық мақсаттарымыздың бәрін орындай берейік.

Бұл атаулы мерекеде қаланың меценаттары, яғни қайырымдылық іспен айналысатын 5 азамат алғыс хат және кубоктармен марапатталды.Ал қала тұрғындарына халықаралық байқаулардың лауреаттары ән шашуларын сыйлады.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы