387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жоспарланған мерекелік шаралар ауа райына байланысты өтпей қалды

  • 179
  • UPD: 19:57, 30.08.2019

Еліміздің бас қаласында жоспарланған мерекелік шаралардың бәрі өтпей қалды. Себебі дүлей дауыл мен жауын халықты біраз әбігерге салды.

Күз ерте түсіп кетті. Елордалықтар жаздың соңғы күнін осылай сипаттады. Термометр бағамы 14-16 градусты көрсетіп тұр. Жайқалып тұрған жасыл жапырақтар жерге түскен. Қара суықтан гүлдер де солуға жақын. Айналадағы аласапыран халықтың мерекелік көңіл күйіне әсер етпей қоймады. Мереке демекші, бас шаһарда жоспарланған іс-шаралардың дені өткізілмеді.

Нарима Мұхаметалина, қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

– Қалалық саябақта өтетін үлкен мерекелік концертіміз Конституция күніне арналған. Негізі бұл концертте М. Арапбаева, Ринго тобы, Дос өзінің өнерлерін көрсету керек еді. Бірақ та бұл шара өткізілмей қалды.

Желдің екпіні күшті болғаны соншалық, ағаштардың бұтақтарын сындырған. Қазір қалада дауылдың салдары жойылуда. Айтпақшы, қатты желдің шатырларды жұлып әкетпегені қуантады. Бірақ еліміз үшін маңызды шараны тоқтатуға негіз болды.

Конституция күні әр қазақстандық үшін маңызды. Әлбетте, қатты жел жыртып жіберген мемлекеттік туды көру елордалықтардың жүрегін ауыртқаны сөзсіз. Ал синоптиктер күн райының әлі де құбылатынын болжап отыр

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Марат Дихамбаев

Хабар 24 телеарнасы