387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің Құрашасай ауылында 600 орындық мектеп ашылды

  • 185
  • UPD: 21:02, 30.08.2019
Ақтөбенің Құрашасай ауылында 600 орындық мектеп ашылды

Ақтөбенің Құрашасай ауылында бүгінгі мерекеге орай 600 орындық мектеп ашылды.

Бұл – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Өйткені жыл өткен сайын ұлғайып келе жатқан елді мекенде мектеп орны тапшы еді. Жаңа мектепте оқу бөлмелерінен өзге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі үйірмелер жасақталған. Ер балалар мен қыздардың шеберханалары тұрақты жұмыс істейді. Бұл – ауылдағы екінші білім ұясы. Жалпылай алғанда, облыс бойынша 1 қыркүйек күні 8 жаңа мектеп оқушыларды қабылдайды. Оның үшеуі қалада. Жыл соңына дейін тағы да 7 қолданысқа беру жоспарда.

Саян Сүлейменов, қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Кеше Бекқұл баба атындағы орта мектеп және Украинка елді мекенінде мектеп ашу салтанаты өтті. Ол екі мектеп 300 орындық болса, бүгінгі мектебіміз 600 орындық мектеп. Яғни ол осы ауылдағы бұрыңғы 58 мектепте үш ауысымдық болса, сол үш ауысымдық мектептің мәселесі жойылып отыр. Қазіргі таңда екі мектепте де екі ауысымдық немесе бір ауысымдық мектеп жұмыс істейтін болады. Бұл үш мектепте де педагог кадрлармен толық қамтылды. Қаланың басқа мектептері сияқты бұларға да оқулықтар келіп болды.

Хабар 24 телеарнасы