385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық кәсіпкер балаларға ойын алаңын тарту етті

  • 136
  • UPD: 07:52, 31.08.2019
Ақтаулық кәсіпкер балаларға ойын алаңын тарту етті

Ақтаулық кәсіпкер балаларға озық үлгідегі ойын алаңын тарту етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін үш млн теңгедей қаржы құйған. Қолға алған жобасы 16-шы шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің жанында жүзеге асып отыр. Құрылысы екі айда аяқталған алаң іргелес мөлтек аудан тұрғындарының да сүйікті орнына айналды. Мұндағы ерекшелік - үйшіктер, әткеншектер мен сырғанақ жолдарының астына жасанды шөп төселген. Бұл өз кезегінде жазатайым жарақат алудан қорғайды. Меценат енді осы маңда ересектерге арналған спорт алаңын көтеріп, нысанды қала көшелерімен қосу үшін асфальт жол салып бермек ойда.

Сәрсенбек Жұмабай, кәсіпкер:

- Бес қызым бар, тәрбиелеп отырған. Сосын мына жерде балалар деген сыртта әр жерде ойнап жүреді. Әуелден қарастырылмаған, себебі жоба кезінде болмаған да шығар. Сосын осындай бір сыйлық жасайын деп шештім.

Әйгерім Иманғазиева, қала тұрғыны:

Осы шағын ауданда тұрып жатқанымызға екі жылдан асты. Бүгінгі күнге дейін балаларға арналған ойын алаңы болған жоқ. Амалсыздан жұмыстан босаған уақытта отбасымызбен теңіз жағалауына барып, серуендеп келуші едік. Енді осы алаңға күнде келеміз. Ұлымыз ойнап жүргенде жолдасым екеуміз жайлы орындықтарға жайғасып таза ауамен тыныстаймыз.

Хабар 24 телеарнасы