386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырында ойнаған балалар табылды

  • 131
  • UPD: 13:37, 31.08.2019
Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырында ойнаған балалар табылды inform.kz

Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырында ойнаған балалар табылып, олардың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құқық қорғау органдары көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған 7 баланы тапты.

«Куәгердің бірі балалардың шатырда ойнап жүрген сәтін видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Ол жерде балалардың ойнаған әрекеттерін анық байқауға болады. Полиция бұл оқиғаның Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында болғанын анықтады», - делінген ведомствоның берген ақпаратында.

Шатырда ойнағандардың барлығы кәмелеттік жасқа толмағандар. Олар 2008-2012 жылдары туған оқушылар. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қазір балалар шатырға кірген жер арматурамен жабылған.

Енді балалардың ата-анасын ҚР ӘҚБК 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы