386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда Өзбекстанның бас консулдығы ашылды

  • 166
  • UPD: 13:50, 31.08.2019
Ақтауда Өзбекстанның бас консулдығы ашылды

Дипломатиялық кеңсе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыс пен достық қарым-қатынастың арта түсуіне мүмкіндік бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтау – Өзбекстан үшін Еуропа елдеріне шығатын ең қысқа жол. Жуырда «Бейнеу-Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолы ашылып, көрші елдің тауарлары қазақтың теңіз порттары арқылы өзге елдерге тасымалдана бастады. Инвесторлар мен кәсіпкерлер енді қажетті құжаттарын рәсімдеу үшін алысқа сабылмай, жақын жерден реттейтін болды. Сонымен қатар бас консулдықта екі ел азаматтары мен еңбек мигранттарына да құқықтық көмек көрсетіледі.

 Айта кетейік, Ақтауда Әзірбайжан, Иран, Түркия мен Түркіменстанның консулдықтары жұмыс істеп тұр.

Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстанның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бас консулдықтың ашылуы мемлекетаралық байланыстың артуына жол ашатын болды. Екі ел арасындағы алыс-беріс пен барыс-келіс арта түсеріне сенімдімін. Биылдың өзінде 6 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауарайналым 1 миллиард 800 миллионды құрады. Жылдың соңына дейін 4 миллиард Ақш долларына жетеді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы