387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан нарығындағы сапасыз дәрі-дермектермен күрес күшейеді

  • 158
  • UPD: 15:15, 31.08.2019
Қазақстан нарығындағы сапасыз дәрі-дермектермен күрес күшейеді pravmir.ru

Бүгін елордада Тауарлар мен қызметтер сапасы жөніндегі комитеттің жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы мекеме енді дәрі-дәрмектер тексерісін жаңғыртып, шетелдік өнімдерге қатысты талапты күшейтпек. Сала мамандары бұдан басқа да біртақатар маңызды жұмыстарды атқарады. Басты мақсат - 2020 жылдың ортасына қарай медициналық қызметтер жүйесін жетілдіріп, халықтың денсаулығын жақсарту. Осы арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен еуропалық саясатың негізнін қалыптыстыру. Кеңсенің жұмысымен бүгін үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев танысты.

Арнұр Нұртаев, ҚР ДСМ Ұлттық орталығының бас директоры:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары еліміздегі медициналық жүйеге жоғары баға берді. Сонымен қатар бірқатар ескерту де жасаған болатын. Бұл шамамен 30 тетікке қатысты олқылықтар. Жаңа кеңсе сол мәселелерді шешуге тікелей мұрындық болады. Бұған қоса, саланы одан сайын жетілдіру бойынша бірқатар міндет бар.

Хабар 24 телеарнасы