389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WorldSkills әлем чемпионатында жеңіп шыққан отандастарымыз елге оралды

  • 208
  • UPD: 20:35, 31.08.2019

Қазан қаласында өткен WorldSkills қырық бесінші халықаралық әлем чемпионатына қатысқан жерлестеріміз елге оралды.

Бұл бәсекеге дүние жүзінің 63 елінен 1600 жас маман қатысып, сынға түскен. «Болашақ сенің қолыңда!» ұранымен өткізілген сайыс жұмысшы мамандықтарының дамуына серпін беруді көздеген еді. Ел құрамасының сапында өнер көрсеткен Семей электротехника колледжінің 1-курс студенті Әли Әскерханов «Пилотсыз ұшу аппараттарын басқару» бойынша қола медальға ие болды. Ал осы оқу орнының қос түлегі Александр Бетцольд пен Исажан Раисов «Ядролық реакторлар мен энергетикалық орнатулар» мамандығы бойынша арнайы жүлделерді жеңіп алды. Жеңімпаздарды қала жұртшылығы қарсы алып, құрмет көрсетті. 

Александр Бетцольд, «Worldskills Kazan-2019» чемпионатының жүлдегері:

- Қандай тапсырма келетінін тек 15 минут қалғанда білесің. Қысқа мерзім ішінде жүктелген міндет бойынша станция құрастырып, ол сәтті жұмыс істеуі керек. Біз бар күшімізді салдық. Нәтижесінде сарапшылар еңбегімізді жоғары бағалады, өте қуаныштымыз.

Азат Сарпеков, Семей электротехникалық колледжінің директоры:

- Қазан қаласында 40 мың адам сыятын үлкен стадионда Ресей мемлекетінің президенті Путиннің қолынан осындай 3-орын жүлдесін емес, бірінші орын жүлдесін аламыз деген ниеттеміз. Оған Қазақстанның балаларының білімі толық жетеді. Мұның негізгі бағыты жұмысшы күштерін ары қарай дәріптеу және де балаларды халық танып, ертең өмірден өз орнын табу болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы