387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шиелідегі сегіз оқу білім мекемесі газбен жылыту жүйесіне көшті

  • 223
  • UPD: 08:42, 01.09.2019
Шиелідегі сегіз оқу білім мекемесі газбен жылыту жүйесіне көшті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы 8 білім беру мекемесі газбен жылыту жүйесіне көшті.

Бұл өзекті мәселе мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің арқасында іске асып отыр. Мамандардың пікірінше, көгілдір отынды пайдалануға көшу шығындарды үнемдеп, экологиялық және қауіпсіздік мәселелерді жақсартады. 1 қыркүйекте Шиелі ауданының 40 мектебіне 18 мың 150 бала оқуға барады. Ал екі мың 21 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Білім бөліміндегілер ауданда күрделі жөндеуді қажет ететін апаттық жағдайдағы мектептер жоқ деп отыр. Ал мектептерді газдандыру жұмыстары жалғаса бермек.

Болат Сейілханов, Шиелі аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

– Осы жекеменшік әріптестіктің арқасында біздің операторларымыз газбен жылытуға байланысты тегін оқудан өтіп, сертификат алды. Жақаев және Бидайкөл ауылдарындағы мектептер газға қосылуға даярлануда.

Хабар 24 телеарнасы