389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» телеарнасына - 7 жыл

  • 278
  • UPD: 11:48, 01.09.2019

Біздің телеарнамызға бүгін 7 жыл!

Еліміздің басты ақпараттық арнасы 2012 жылдың бірінші қыркүйегінде алғаш рет хабар таратты. Бүгінде жаңалықтардың жаршысына айналды. Медиа кеңістіктен ойып тұрып орын алды. Қазір арнамызда 30 шақты отандық жоба бар. Әрқайсы бір-біріне ұқсамайды. Өзіндік ерекшелігімен көрермен назарына ұсынылады. Бір жылда телеарнамыздан 40 мың материал таратылады. Тілшілеріміз халықаралық ареналардан һәм еліміздегі басты оқиғаларды дер кезінде жеткізу үшін жылына мыңнан аса тікелей эфирге қосылады. Алдағы мақсатымыз да айқын!

Алёна Горбачёва, «Хабар 24» телеарнасының директоры:

– Жаңа маусымда «Хабар 24» арнасының ұжымы жылдамдықты арттыра түседі. Тікелей эфирлердің саны көбейеді. Себебі біз бірінші болып ақпарат таратуымыз қажет. Ол үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Көрермен назарына жаңа жобалар ұсынғалы отырмыз. Бағдарламаларды жуырда көре аласыздар. Дегенмен басымдықты жаңалықтарымызға береміз.

Хабар 24 телеарнасы