387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы Алакөл ауданында компьютерлік томографиялық кабинет ашылды

  • 161
  • UPD: 12:11, 01.09.2019
Алматы облысындағы Алакөл ауданында компьютерлік томографиялық кабинет ашылды

Алакөл ауданының тұрғындары енді тексерілу үшін облыс орталығына сабылмайды.

Үшаралда мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде медициналық орталық ашылды. Мекеме қазіргі заманға сай медициналық құралдармен жабдықталған. Яғни күніне 9 адамға қызмет көрсететін компьютерлік томография қойылып отыр. Осы құрылғының көмегімен қатерлі ісік ауруларын, миға қан құйылуы және тағы  басқа да ауруларға диагностика жасалады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін тегін емдейтін болады. Сонымен бірге рентгендік маммограф, жасанды өкпе тыныстандыратын аппарат орнатылды.

Дәуренбек Мұсаев, Алакөл ауданының тұрғыны:

– Аудан халқы ризашылығын білдіріп отыр. Себебі біз облыстан 300 шақырым жерде тұрамыз. Жол жаман.

Хабар 24 телеарнасы