387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев патриотизм тақырыбында дәріс өткізді

  • 185
  • UPD: 15:23, 01.09.2019

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев патриотизм тақырыбында дәріс өткізді.

Ведомство басшысы Ақмола облысындағы Қызылсуат ауылына барып, ондағы орта мектеп оқушыларымен кездесті. Биыл бұл білім ордасынының табалдырығын 37 бала алғаш рет аттап отыр. Мектепте ұзын-ырғасы 200 оқушы бар. Әлеуметтік нысан өткен жылы қолданысқа берілген. Оған дейін ауылда білім беру ұйымдары мүлдем болмаған. Ондағы оқушылар апатты жағдайда тұрған бөбекжай ғимаратында тәлім алып келген.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Кейінгі буын өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз керек. Олар өскенде елдің дамуына сүбелі үлес қоса алатын майталман болғанын қалаймыз. Сондықтан балаларға патриот болудың мән-маңызын үнемі айтып жүруіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы