389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жарылыстан көз жұмған марқұмның отбасына көмек көрсетіледі

  • 255
  • UPD: 19:05, 01.09.2019
Алматы облысында жарылыстан көз жұмған марқұмның отбасына көмек көрсетіледі

Алматы облысында болған жарылыс кезінде қаза тапқан марқұмның отбасына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Газобетон шығаратын зауыттағы жағдайға байланысты облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел бүгін осындай мәлімдеме жасады. Жапа шеккен үш азаматқа да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазір олардың жағдайы қалыпты әрі дәрігерлердің жіті бақылауында.

Айта кетейік, кеше Қарасай ауданы Райымбек ауылында болған оқиғадан 1961 жылғы ер адам қаза тапқан еді. Өндіріс орнына жақын жердегі үйлер де бүлінген. Баспаналар қалпына келтіріледі.

Ғалымұрат Жүкел, облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

Бірқатар үйлерге зақым келген еді. Атап айтқанда, шатыры мен терезесі сынған. Сол үйлер кәсіпорын есебінен екі үш күнде жасалады.

Айта кетейік, 33 тамыз күні Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан бір адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы