389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасында «Қарлығаш ұя салғанда 2» телехикаясы көрерменге жол тартты

  • 1321
  • UPD: 20:39, 01.09.2019

«Хабар» арнасы көрермендерінің сұрауымен «Қарлығаш ұя салғанда» телехиқаясының екінші маусымы эфирге жол тартты.

Бір өзі үш қызды тәрбиелеп отырған Тасқынның өз-өзіне сенімді, іскер әрі жалғыздыққа үйреніп қалған Қарлығашпен қарым-қатынасы әрі қарай қалай өрбиді?

Әйелі қайтыс болып, үш қызбен жалғыз қалған Тасқын уақыт өте көрікті, талдырмаш, бірақ үлкен компанияны басқарып отырған, қатал мінезді Қарлығашпен көңіл жарастырады. Қиындығы мен қызығы мол алғашқы маусым осымен аяқталған болатын.

Гүлнұр Мамасарипова, бас продюсер:

Телеарна тарапынан ұсыныс болды. Халық сұрап жатыр, көрермен сұрап жатыр, рейтингі жақсы болды. YouTube-тағы көрсетілімі, қаралымы жақсы болды. «Жалғасын түсіресіз бе» деп. Сосын мен жоқ түсірмеймін, ол мен үшін біткен оқиға деп жүрдім. Бірақ уақыт өткеннен кейін тағы да қолқа салынды. Сосын мен алдым да 12 серияны өзім қарап шықтым. Қарап шығып, өзім сценариін жазып, басы-қасымда жүрсем де, қайта қарап шыққаннан кейін, маған ой келді. Бұл оқиғаны жалғастыруға болады екен ғой деген сияқты.

Себебі, Тасқын мен Қарлығаштың тағдыры көптің көкейінде сұрақ болып қалды. Қарлығаш пен Тасқынның үйлену тойы болады ма? Тұрмысы, танымы бөлек екі кейіпкер, бір шаңырақтың астында өмір сүре алады ма? Ең бастысы, Қарлығаш олардың анасының орнын баса алады ма? «Қалай болғанда да, оқиға желісі шынайы өмірден алыстамайды», - дейді, сценарий авторы Гүлнұр Мамасарипова.

Кәмшат Жолдыбаева, актриса:

- Съемканың уақытында бір қызық жәйт болған. Тасқын яғни, Еркебұлан біраз сондай сөзге келіп қалатын, мінезімізді көрсететін сахналардың кезінде Еркебұлан айтқан, «сен Қарлығашты халық жек көріп кетпейтіндей қылып көрсетерсің» деп, өйткені шынында да мен кәдімгідей беріліп, мінезімді көрсетіп жататынмын. Мен айттым, мен не істеймін? Қарлығаш сондай, мен Қарлығашты солай сезінемін, Қарлығашты солай түсінемін.

12 сериядан тұратын романтикалық драма «Хабар» арнасынан 3 қыркүйектен бастап көрсетіледі.  Телехиқаяны көріп, әділ бағасын беру көрермен еншісінде.

Авторлары: Алуа Маханбет, Ерлан Шалбаев

Хабар 24 телеарнасы