387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентке астанадан барған дәрігерлер жедел жәрдем көрсетуді үйретті

  • 135
  • UPD: 08:55, 02.09.2019
Шымкентке астанадан барған дәрігерлер жедел жәрдем көрсетуді үйретті

Алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын бол! Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы барған дәрігер-нұсқаушылар ересектер мен балаларға шұғыл көмек көрсетуді үйретті.

Қаладағы сауда орталығының бірінде өткен шарада кәсіби мамандар кенеттен жүрек қызметі тоқтап қалғанда дереу әрекет етуді, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге жәрдем беруді, түрлі дене жарақатын алған кезде көмек көрсетудің тәсілдерін таныстырды. Оңтүстік ұлттық оқу-клиникалық орталығы ұйытқы болған шараға 100-ден астам тұрғын қатысты. Олар симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, дәрігерге дейінгі көмек көрсету машықтарын меңгерді. 

Бақытжан Пазылов, медициналық орталықтың директоры:

- Зардап шеккендерге соның қасындағы куәгерлер болсын, немесе қарап тұрған адамдар болсын толық медициналық алғашқы көмек көрсете алмайды. Немесе көрсеткен жағдайдың өзінде дұрыс көрсетпейді. Соның нәтижесінде көптеген адамдар қарапайым көмек алмағаннан өлім жағдайына келіп жатыр. Медицинада жалпы «золотой час» деген ұғым бар. Сол алғашқы минуттарда науқасқа көмек көрсеткенде ауырсынуы азаяды.

Өмірзақ Оспан, қала тұрғыны:

- Осындай шеберлік класс көбейсе, бәріміз білімді боламыз деп ойлаймын. Алғашқы көмек көрсетуде дыханияны нормализавать етуді, дефибрилля́тормен қалай жұмыс істеуді үйрендім.

Хабар 24 телеарнасы