386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрі елорда іргесіндегі Қосшы ауылында оқушылармен кездесті

  • 86
  • UPD: 10:54, 02.09.2019

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқушылармен кездесті. Ведомство басшысы елорда іргесіндегі Қосшы ауылына барып, ондағы өрендерді отансүйгіштікке шақырды.

Ел тірегі – кейінгі буын өкілдері екенін тағы бір мәрте естеріне салды.

Жаңа оқу жылы басталды. Бала біткен мектепке асыққан кез. Білім күнінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қосшыдағы оқу  ордасына барды. 

Қазір мұнда 4 мыңға жуық бала білім алады. Ведомство басшысы оқушылармен кездесіп, оларға патриотизм тақырыбында дәріс оқыды. Отанды сүю – перзенттік парыз деді. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қазақстан халқы үшін мақтан ететін нәрсе көп. Ол кең байтақ жеріміз, сұлу да бай табиғатымыз, сан ғасырлық тарихымыз, мәдени асыл қазынамыз, жомарт, толерантты, көпұлтты, жоғары интеллектуалды халқымыз, білімді де білікті жастарымыз.   

Оқушылармен тілдескен министр қазіргі қазақ армиясының қауқары жөнінде де айтты. Генерал-майорды мұқият тыңдаған өрендер  көкейдегі сауалдарын да қойды. 

Майя Мұқашева, №2 орта мектеп директоры:

- Қазақстанның гүлденгенін қалаймыз. Осы жолда ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуге дайын.   

Мирас Асан, ата-ана:

- Баланы ортасы тәрбиелейді. Сондықтан мектепке көп мән беруіміз керек. Мұағілмдердің біліктілігіне көп мән беруіміз керек. 

Еліміздегі әскери оқу орындарында да сабақ басталды. Қазір Қазақстанда 4 бірдей білім ордасы жас жауынгерлерді тәрбиелеп жатыр. Қалың елге қалқан болатын сол буын.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы