387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да баспанаға мұқтаж көп балалы отбасының мәселесі шешіледі

  • 168
  • UPD: 15:52, 02.09.2019

Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін баспана мұқтаждығын тартып жүрген барлық көп балалы отбасының мәселесі шешілетін болады.

Жаз басынан бері ауыл аймақтағы сондай 230 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді. Бұл мақсатта мемлекттік бюджеттен тыс қаржы көзі қарастырылып жатыр. Қарқынды бастамадан қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар да тыс қалмайды.

Жаз басталғалы облыстың әр ауылында қоныс тойы жиі тойланып жатыр. Айнұр Тоқтарбаева  да осындай қуанышты сәтті басынан өткізді. Березовка ауылында тұратын ол үлкен баспанаға ие болды. 4 баланың анасы үшін бұл айырықша қолдау. Ауладағы кішкене шаруашылығы мен бау-бақшасы да кәсіп етіп нәсіп табуға қолайлы.

Айнұр Тоқтарбаева, көп балалы ана: 

- Үйді өзіміз таңдап алдық,жазғы кухнясы қосымша пристройкасы да бар, бақша салып та үлгердік,Алдағы уақытта мал ұстап, сондай жоспарларымыз бар.

Жаз басынан бері көпбалалы отбасыларға берілген 230 баспана  жалпы 88 ауылдық округті қамтыды. Оған 560 милион теңге жұмсалған.Қаражат аймақ кәсіпкерлерінің қолдауымен ашылған арнайы қордан бөлінді.Қандай да бір отбасыға баспана беру туралы ұйғарым  комиссия шешіміне тәуелді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Облыста баспана кезегінде тұрған 1258 көпбалалы отбасы болса, енді оның 230-ы қамтылғандықтан мыңға жуығы ғана қалды. Осы қалғандарының да жағдайын жасау үшін бізде нақты бағдарлама бар. Сондықтан аз уақыт ішінде бұл сұрақты толықтай шешеміз деп ойлаймын.

Межеде тағы 309 баспана алу көзделуде. Оның біршамасы қала ішінен. Дегенмен қалалықтар үшін жеңілдетілген несие қарастырылады. Сонымен қатар алғашқы жарна ретінде 1 милион теңгенің сертификаттары табысталады. Бұл шаруаны да арнайы комиссия назарда ұстайды. Аз қамтылған отбасыларды өзге жағынан да қолдауға өңір белсенділері белсенділік танытып келеді. Олар «Nur Otan» партиясының «Мектепке жол» акциясына бір кісідей қатысты. Мәселен, жас кәсіпкер Қайнар бірнеше отбасындағы балаларға базарлық ретінде ішіне 10 мың теңгенің сертификаты салынған мектеп сөмкелерін таратып берді. 

ҚАйнар Дүйсенов, кәсіпкер:

- Халыққа, Қазақстанға  еңбек істесек, ең үлкен мақсат, сол деп санаймын.

Жалпы өскеменде 100-ге тарта бала осындай сыйлыққа ие болды. 

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы