389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Әбдіғалиұлы: Жолдаудағы басым бағыттар елдің қарыштап дамуына негізделген

  • 266
  • UPD: 19:09, 02.09.2019

Әр салаға білікті мамандарды тарту арқылы елдің әлеуметтік әлеуетін арттыра аламыз.

Сондықтан Президент жолдауында айтылған тиімділігі жоғары мемлекет құру мәселесі өте өзекті. Белгілі саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы маңызды құжатқа қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, жолдаудағы басым бағыттар халықтың жағдайын жақсартып, елдің қарыштап дамуына негізделген.

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы:

– Шын мәнінде көптеген мәселе тиімді басқаруға байланысты. Сондықтан өңірлердегі басшылардың жауапкершілігі, біліктілігі жоғары болу керек. Жаңа жағдайда жұмыс жасай алатын жаңа менеджмент қажет. Президент осы мәселеге қатты мән беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы