389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Дулатбеков: Президент жолдауында қоғамдағы өзекті мәселелердің бәрі қамтылды

  • 224
  • UPD: 19:11, 02.09.2019

Халыққа жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы өзекті мәселелердің бәрін қамтыды.

Мәселен, туристік кластерді дамыту жолаушылардың құқықтарын қорғау, билет бағасының қолжетімділігі сынды сұрақтар алда шешілуі қажет, дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінгі жолдаудан халық көп нәрсені күткен. Менің ойымша қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бәрі ел Президентінің аузынан шықты. Біз жуырда ғана батыс өңірінде болып, Жаңаөзен қаласында менің сайлаушыларым Маңғыстау өңіріне теміржолмен жету және әуе қатынастарының шектен тыс бағасының үлкендігі туралы айтқан болатын. Президентіміз осы мәселелерді көтерді.

Хабар 24 телеарнасы