389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау 2019: Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту керек

  • 360
  • UPD: 19:12, 02.09.2019

Мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне жауап қайтаруы бойынша жауапкершілікті күшейту керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Президент әкімшілігінде мемлекеттік органдардың жоғарыда айтылған жұмысын бақылау жөніндегі бөлім құрылатындығы туралы сөз етті. Азаматтардың өтініштеріне тиісті жауап берілмесе, алғашқылары тікелей Президент атына хат жазуға құқылы болады. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекеновтың айтуынша, мұндай жүйе қазіргі уақытта қажет-ақ. Әсіресе, өңірлер үшін, дейді депутат.

Мирас Шекенов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты:

– Егер елорданы мысалға алсақ, бұрынғы әкімшілік бастап кеткен жүйенің бүгінде де қаз қалпында сақталғаны туралы айтуға болады.

Яғни мұнда мемлекеттік қызметкерлер мен басшылықтың ашықтығы байқалады. Бірақ өзге өңірлерде олқылықтар барын жасырмасқа болмас. Аудандарда азаматтардың әкімдікке жазған хатына жаттанды жауап қайтару әдетке айналған. Сондықтан ол жақтағы мемлекеттік қызметкерлер де берген жауаптарының бақыланатынын білуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы