389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аружан Саин: Баланы спортқа баулу - зорлықтың алдын алудың бір амалы

  • 202
  • UPD: 19:15, 02.09.2019

Спортпен айналысқан жастар өзіне қол жұмсау ойынан аулақ болады.

Бұл - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның пікірі. Бүгін Қазақстан Президенті өз жолдауында жаппай спортты дамыту қажеттігін айтқан еді. Ол үшін елімізде заманауи спорт орталықтарын көптеп ашу жоспарланған.

Аружан Саин, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

– Егер баланы спортқа баулыса әрі дене шынықтыру орны таяқ тастам жерде орналасса, ол зорлық туралы ойламайды. Суицид саны артпас еді. Өйткені баланың ойы да, қолы да сүйікті ісінен босамайды.

Хабар 24 телеарнасы