389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жолдаудағы басым бағыттар талқыланды

  • 224
  • UPD: 19:22, 02.09.2019

Еліміздегі суицидтің жоғарылығы және балаларға қатысты қылмыстың артуы сияқты мәселелерге бей-жай қарауға болмайды.

Шұғыл тиісті шараларды қолға алып, қауіптің бетін қайтару керек. Президент жолдауында қозғалған осы және өзге де тетіктер бүгін елордадағы дөңгелек үстелде сөз болды. Отандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар өзара бас қосып, маңызды құжаттың басым бағыттарын талқылады. Әсіресе, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты бөлімдерге бөлек тоқталып, әр тарап өз ұсыныстарын алға тартты.  

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

– Жергілікті әкімдердің жұмысына халықтың 30 пайызы қанағаттанбайтын болса, оған қатысты шаралар қолданылады. Бұл бүгнігі таңда халық пен мемлекет арасындағы, билік пен қоғам арасындағы кері байланысты қалыптастырудың бір тетігі.

Хабар 24 телеарнасы