389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысына 400-ге жуық медицина маманы қажет

  • 185
Ақмола облысына 400-ге жуық медицина маманы қажет

Ақмола облысында дәрігерлер тапшы. Қазір аймаққа 400-ге жуық медицина маманы қажет.

Бұл проблеманы шешудің кешенді жолдарын қарастырып жатырмыз, дейді жауаптылар. Мәселен, өткен жылы медицина мамандығын меңгергісі келетіндерге облыстық әкімдіктен 50 грант бөлінген. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған жас мамандарды аймаққа шақыру жұмыстары да жыл сайын жүргізіліп келеді. Айталық, биыл сондай 136 түлек келу жоспарланған. Алды келіп те жатыр. Олардың басым бөлігі ауылды жерлерге жіберіледі. Себебі кадр тапшылығы да сол аудан-ауылдарда көптеп кездеседі. Ал елді мекенге жұмыс істеуге барғандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Ерік Әбдіқайымов, Жақсы аудандық ауруханасының дәрігері:

– Келгенде, маған мұнда уақытша үй берді. Сосын Үкіметтен процентсіз несие алып, үй алдым. Сосын онымен қоса көтерме қаражат алдым. Ауылды жерде алғашқы жұмыс істеуге өте қолайлы. Тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндіктер бар.

Хабар 24 телеарнасы