386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М. Бақтиярұлы: Саяси бәсекелестік болуы керек

  • 151
  • UPD: 20:30, 02.09.2019

Қоғамда экономикалық бәсеке бар, бірақ саяси бәсеке аздау.

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы бойынша осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселеге Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отыр. Депутат осы сұрақты бүгінгі Жолдаудың негізгі қағидатына жатқызды.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Шынында да, бізде партиялық жүйе құру толыққанды қалыптасты деп айтамыз, бірақ шын мәнінде Еуропадағыдай, саяси партиялардың бәсекелестігі бізде төмен. Оны біз мойындауымыз керек. Сондықтан да Nur Otan партиясынан басқа да толып жатқан саяси партиялар бар. Сол партиялар тарихи аренада, саяси бәсекелестікке түсу керек.

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл жолдауда Президент Парламенттің, Үкіметтің алдына үлкен мәселелер қойып, тапсырды. Ең бастысы халықтың әлеуметтік жағдайын шешу, елдің экономикасын көтеру. Осы аяда біздер аянбай еңбек етуіміз керек. Біздің қабылдайтын заңдарымыздың бәрі сол халықтың әлеуметтік жағдайы мен ел экономикасын көтеру. Ол үшін бірнеше бағыт пен тапсырма берілді. Соның бәрі жүзеге асады деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы