385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ет комбинаты ашылды

  • 161
  • UPD: 20:32, 02.09.2019

Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды.

Ол үшін салаға шетелдік инвесторлар тарту қажет. Сол арқылы шикізаттық экспорттан арылып, дайын тауар шығару ісін дамыту қажет. Бүгін Мемлекет басшысы мән беріп, түйіндеген мәселенің бірі осы. Шетелге жоғары сапалы өнім сататын кешендердің бірі Алматы облысының Жамбыл ауданында ашылды. Мұндағы шаруа қалдықсыз негізде атқарылады. Яғни ірі қараны сойып, жіліктеумен қатар етті консервілеу ісі де жүргізіледі. Ал сүйектерден ұн жасалмақ. 80 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорын құны – 2,9 млрд теңге. Іске қосылып сынақ мерзімінен өткеннен бері мұнда 332 мың тонна ет шығарылды. Соның 73 тоннасы Иран мен Бахрейн мемлекеттеріне жіберілген. Жыл соңында дейін тағы 640 тонна етті шетелге сату жоспарланып отыр. Айта кетейік, өңірде жалпы соммасы 1 трлн теңге болатын 38 ірі жоба жүзеге асып жатыр.

Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

– Алматы облысында қызылша көлемі жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Бұрынғы істемей тұрған қызылша өңдеу қант зауыттары жұмысқа кірісіп жатыр. Мал санынан Қазақстандағы ең үлкен көлем Алматы облысында. Сондықтан облыс өте жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы