387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық тәртіп сақшылары қылмыспен ресейлік әріптестерімен бірігіп күреспек

  • 146
Қызылордалық тәртіп сақшылары қылмыспен ресейлік әріптестерімен бірігіп күреспек

Сырбойылық тәртіп сақшылары ресейлік әріптестерімен тығыз байланыс орнатып, қылмыспен бірігіп күреспек.

Қызылорда облыстық полиция департаменті мен Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Байқоңырдағы басқармасы басшыларының кездесуінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын ортақ шаралардың жоспары айқындалды. Құқық қорғау органдары қызметкерлері есірткі айналымы, терроризм, заңсыз көші-қон үдерісі мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуде тиімді әріптестіктен ұтарымыз көп деп отыр. Құқықбұзушылықтың алдын алу жайы кеңінен талқыланған кездесу соңында ведомство басшылары тиісті құжаттарға қол қойды.

Алексей Кузьмин, РФ ІІМ «Байқоңыр» кешеніндегі басқарма бастығы:

– Ресей мен Қазақстанның үкіметаралық келісімінде көрсетілген екіжақты шаралар жиынтығын талқыладық. Бүгінгі кездесу жемісті болды. Байқоңыр кешенінде қылмыс деңгейін бірге төмендету шараларын нақтылап алдық.

Сұлтан Бектөре, облыстық полиция департаментінің басшысы:

– Ортақ бағдарламаны іске асыру үшін кешенді стратегиялық және тактикалық шаралар жасақтау керек. Бүгінгі басқосуда заңсыз миграцияны тоқтату, қылмыскерлерді іздеу және ұрлық істерін дереу ашу туралы сөз қозғадық. Қостараптық жоспар аясында бірлесе әрекет етсек өңірдегі криминалдық ахуал жақсара түсетіні анық.

Хабар 24 телеарнасы