Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді әкімдердің жұмысын халық онлайн сауалнама арқылы бағалайды

  • 444
  • UPD: 10:04, 03.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осындай жүйе енгізуді тапсырды.

Жобаның мақсаты – жергілікті билік органдарының тиімділігін арттыруға негізделген. Егер дауыс беру нәтижесінде халықтың 30%-тен астамы қала немесе ауыл әкіміне сенімсіздік танытса, бұл Президент Әкімшілігінде тиісті ұсынымдар беру үшін арнайы комиссия құруға түрткі болады.

Ұлбосын Қойшина, қала тұрғыны:

Жергілікті биліктің жұмысын бағалауда онлайн сауалнама болғаны дұрыс. Қазір цифрландыру заманы. Кез келген әрекетке шұғыл назар аудара аламыз. Өз кезегінде жүйе әкімдердің жұмыс тиімділігін арттыруға негіз болады деп санаймын. Себебі, тығырыққа тірелген халық жергілікті жерде туындаған мәселелерін шеше алмаған соң шағымын президентке жолдауға мәжбүр.

Кәмшат Жолдыбаева, қала тұрғыны:

Пилоттық жоба әкімдер жұмысының тиімділігін нәтижесі бойынша дұрыс бағалауға ғана емес, сонымен қатар оларды ынталандыруға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге де мүмкіндік береді деп ойлаймын. Әкімдер арасында сау бәсекелестік орнайды. Шын мәнінде, бұл әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырудың нақты тетігі.

Қайрат Анарбаев, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Халыққа да, билікке де пайдалы. Өйткені билік те өзінің аумағындағы жағдайды жақсы білетін болады. Халық та жатып ішерлік психологиясынан арылып, елдегі жүргізіліп жатқан саясатқа деген, басшылықтан алып бара жатқан жұмысқа деген қызығушылығы оянады.

Бейбіт Аян, қала тұрғыны:

- Ауылды жерлерде көбінесе ауыл тұрғындары әкімнің кім екенін де танымайтын жерлер болады. Ал бұл пилоттық жоба халықтың 70%-тен астам дауысын жинау үшін әкімшіліктің халық пен ашық диалогқа түсуді міндеттейді. Әкімшілік өз кезегінде өздері үшін халық алдында жасап жатқан жобаларын таныстыра бастайды.

Арайлым Әбдуәлиева, қала тұрғыны:

- Онлайн дауыс ең бірінші халық пен биліктің арасындағы байланысты жақсартады. Халық өзінің жеке пікірін билікке жеткізе алады. Қоғам арасында туындаған жағдайлардын билік хабардар болады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы