389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдаудағы ұсыныстар мен тапсырмалар өзекті - Зәуреш Аманжолова

  • 211
  • UPD: 09:50, 03.09.2019

Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолованың айтуынша, Президенттің халыққа Жолдауында зейнетақы қоры, білім беру, мәдениет пен медицина салалары жан-жақты қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, соңғысы бойынша келер жылдан бастап отандық сала әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне көшкелі отыр. «Сондықтан Жолдаудағы ұсыныстар мен тапсырмалар өзекті», - дейді медицина ғылымдарының докторы.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президенттің тағы бір көтерген мәселе ол балалардың ішіндегі суицид. Сол үшін жекелеген бағдарлама жасау қажеттілігін айтып өтті. Себебі бұл суицид саласын қараған кезде тек медицина саласы ғана емес, оған жан-жақты басқа біздің бүкіл халық араласу қажет. Оның ішінде педагогика саласы, білім мен мәдениет саласы және де Ішкі істер министрлігі.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Полиция аспаннан түскен азаматтар емес. Олар да еліміздің балалары ғой, біздің жастарымыз. Олар қалай болса да, халыққа жақын болу керек деп білеміз. Ал қол келгенше заманауи технологияларды пайдалана отырып, олар қылмысты ашуға тырысу керек. Олардың қолдарына тиісті технология, әдістеме беруіміз керек деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы