386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіс Қасымбек ұшақ билеттерінің неге қымбат екенін айтты

  • 165
Жеңіс Қасымбек ұшақ билеттерінің неге қымбат екенін айтты inbusiness.kz

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазақстандық әуе тасымалдаушылар билеттерінің бағасы қымбат болуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Билеттердің жоғары құнының негізгі проблемалары тасымалдау сыйымдылықтарының тапшылығы және қолда бар сұранысты қанағаттандыру үшін әуе кемелерінің жетіспеушілігі болып табылады», – деді Қасымбек.

Ол тарифтердің құнын төмендету мақсатында мамыр айында алғашқы отандық Fly Arystan лоукостері іске қосылғанын еске салып өтті. Әуе компания жыл соңына дейін күніне орындалатын рейстер санын екі есе (14-тен 28-ге дейін) ұлғайтуды көздеп отыр.

«Үкімет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-мен бірлесіп әуе кемелері паркін ұлғайту мақсатында Air Astana және Qazaq Air әуе компанияларын қосымша капиталдандыру жоспарланған. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтауды ескере отырып, авиа отынының бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады», – деп уәде берді вице-премьер.

Ол темір жол билеттерінің тапшылығы мен заңсыз делдалдық әдістердің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүргізіліп жатқанын, сату тәртібін реттейтін норма енгізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында әуе билеттерінің бағасы қымбат болуына шағымданды.

Хабар 24 телеарнасы